«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Тәуелсіздік даңғылынан бастап Қ. Сатпаев көшесіне дейінгі учаскеде Б. Момышұлы даңғылында жолдің үстінгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Көрсетілген учаске осы жылдың 3-5 тамыз аралығында толығымен жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылады.
- Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген әкімдік хабарламасында.