• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Тамыз, 2024

Астанада бір жасар бала терезеден құлап кетті

80 рет
көрсетілді

Елордада бір жасар бала тұрғын үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 5 тамызда  Алматы ауданында болған. Бір жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. 

Белгілі болғандай бүлдіршін ауруханаға жатқызылған.

«Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз, москит торлары құлаудан қорғамайды, балалардың ересектерсіз балконға шығуына жол бермеңіз», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Қарағандыда 4 тамызда төрт жасар бала тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап, қайтыс болды. Сонымен қатар Ақсуда екі жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған.