Пхукетке демалуға барған 57 жастағы Қазақстан азаматы демалыстың бірінші күнінде суға батып, мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таиландтық БАҚ-тардың мәліметінше, оқиға 31 шілдеде Карон жағажайында болған. Полиция турист қонақүйге орналасқаннан кейін теңізге қарай кеткенін мәлім етті.
Сағат 14:50-де тәртіп сақшыларына жедел жәрдемнен хабар түскен.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан адам отандасымыз екенін растады. Әзірге қосымша ақпарат жоқ.