• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 10:40

Елордада жаңа автобус бағыты іске қосылады

8 рет
көрсетілді

Астанада жақын күндері тағы бір жаңа № 62 бағыттағы автобус іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«City Transportation Systems» ЖШС хабарлауынша, жаңа автобус бағдары «Үркер» және «Отау» шағын аудандарын байланыстырады. Сондай-ақ «Сарыарка» ОСО, «Әзірет Сұлтан» мешіті, № 2 қалалық балалар ауруханасы сияқты негізгі орындар арқылы өтеді.

«Бағытқа қатынау жиілігі 11-20 минут болатын 15 автобус қызмет көрсетеді. Бағдарды іске қосу күнін және қозғалыс сызбасын қосымша хабарлаймыз», делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл биыл іске қосылған сегізінші жаңа бағыт. Бұған дейін №42, №55, №58, №63, №201, №202, №203 бағдарлары қосылған болатын.