Түркістан облысында автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы жарияланды. Кадрларда автобустың жол жиегіне шығып кеткен мотоциклді соққаны көрінеді.
Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«Полиция анықтағандай, автобус жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай, спорттық мотоциклмен соқтығысқан. Салдарынан 37 жастағы мотоциклші көз жұмды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына жеткізілді», деп хабарлады полицейлер.
Тексеру барысында жүргізушінің ес-түссіз күйде екені анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.