• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 11:38

Satbayev University Олимпиада жүлдегері Александра Лені құрметпен қарсы алды

14 рет
көрсетілді

Satbayev University өз студентін — Олимпиада жүлдегері Александра Лені қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске сала кетейік, Александра Ле Париждегі Олимпиада ойындарында Ислам Сатпаевпен бірге пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтыққа аралас жұптық нысанадан көздеу сайысында қола медаль жеңіп алды.

Айта кетерлігі Satbayev University студенті  Александра Ле 1996 жылдан бері қазақ спортшылары жете алмаған спорт түрінде жеңіске жетті. Сонымен қатар бұл жетістік университеттің 90 жылдығымен сәйкес келген.

«Барлық студенттерімізді және сүйікті университетімдегі достарымды 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Мен үшін өз альма-матерімнің және сүйікті Қазақстанымыздың атынан өнер көрсету үлкен құрмет», деді Александра Ле.

Александра Ле Халықаралық дәрежедегі спорт шебері және Қазақстанның ұлттық құрамасының мүшесі, сондай-ақ  Satbayev University Жобаларды басқару институтының студенті.