• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тәрбие 08 Тамыз, 2024

Тәрбие ұлтты сапалы етеді

63 рет
көрсетілді

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам­дағы ең өзекті мәселелерге назар аударды. Бұл басқо­суда елдегі саяси реформалар қорытындыланып, алдағы кезеңде іске асыратын кешенді экономикалық және әлеумет­тік реформаларға қажетті іс-қимыл жоспары таныс­тырылды.

Атап айтсақ, еліміздегі индус­трия салаларын қазіргі заман талаптарына сай ілгері дамытудың қадамдары, су, жер қатынастарын рет­теу, инфрақұрылымдық қауіп­сіздік мәселесі, ең бастысы, ел қауіпсіздігін жаңаша бағалау, соған қажетті нақты шаралар қабылдау реті айқындалды. «Прогрессивті ұлт болу үшін Қазақстан барлық азаматтардың дүниетанымын өзгертіп, қоғамдық санада жаңа құнды­лықтарды сіңіруі керек», деп мәлімдеді Президент.

Мемлекет басшысы ұсын­ған бас­­тамалар өте ауқымды әрі жүр­гізіліп жатқан реформалардың қисынды жалғасы болып есеп­телінеді. Ал олардың негізгі мақ­саты – қуатты және өркендеген мемлекет құру. Қазақ­ста­нның эко­номикалық дамуының жаңа па­радигмасы еліміздің бәсе­­келік артықшылықтарын тиімді пай­­да­лануға және өндіріс саласын­дағы еңбек, капитал, ресурстар, техноло­гия сияқты негізгі фак­тор­лардың әлеуетін барынша ашуға негізделеді. Осы­лайша, ел эко­но­микасының басым сектор­ларын дамытуға ден қойылуы керек.

Яғни Қазақстанды Еуразияның негізгі транзиттік хабтарының біріне айналдыру үшін түбегейлі қадамдар жасау қажет. Соның бірі – Қытайдың сыртқы саясаттағы соны жетістігі «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасы аясында іске асырылып жатқан көлік-логистикалық орталықтарды қолға алу мәселесі. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкімет елді мекендерді газдандыру деңгейін едәуір арттырып, кемінде 1700 шақырым желіні жаңғырту қажет екенін айтты. Еліміздің жол желісін салу және қайта құру экономиканың дамуына қуатты серпін беретіндігі, кем дегенде 12 мың шақырым автомобиль жолдарын жұмыспен қамту мәселесі қадап айтылды. Нәтижесінде, елді мекендердің көліктік қол­же­тімділігі айтарлықтай жақсарады. Адамдардың іскерлік белсенділігі мен әлеуметтік ұтқырлығы арта түседі.

Елдің негізгі қозғаушы күші – идеялар мен инновациялар. Біз қоғамның постиндустриалды моделіне біртіндеп жақындап келе жатырмыз. Озық технологияларға негізделген білім экономикасын құру керек. Қазақстан жаппай цифрландыру және жасанды интеллектті жедел дамыту аумағына айналуға тиіс. Бұл – біздің стратегиялық міндетіміз.

Технология жақын арада әлем­ді түбегейлі өзгертеді. Біз заманауи цифрлық көшпелілер өр­кениетінің прогрессивті стандарт­тарына сай болуымыз қажет. Бұл салада жастардың әлеуеті, мен­талитеті мен таланты «қазақ­стан­дық серпіліске» нақты мүм­кін­­дігіміз бар екенін көрсетіп отыр.

Жаһандану үрдісі қарқын алған заманда жоғары білім беру мен ғылым саласындағы дамудың инновациялық бағыттары өз жемісін береді. Міне, осыған орай ғылым және жоғары білім саласы тарапынан айқындалған міндеттерді іске асыру жолында барлық әлеуетті жұмылдыру сапалы кадрлар даярлаудың негізі бо­латыны айқын. Яғни «Біздің негіз­гі миссиямыз – еліміз үшін білікті, бәсекеге қабілетті және талантты жас мамандарды даярлау».

Интеллектуалды ұлт қалып­тас­тыру елдің дамуына үлкен өзге­ріс­тер әкелетіні белгілі. Әділетті Қазақ­станның жаңа тұрпатты жастарын отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіп­ті, адал, әділ етіп тәрбиелесек, еліміз өзінің мақсат-мұратына жыл­дам қол жеткізеді. Саналы ұлт қа­лып­тас­ты­ру елдің дамуына үлкен өзге­ріс­­ әкеледі. Сондықтан жас­тар тәр­­бие­сіне қатты көңіл бөлуіміз керек. Құрылтайда әрбір азаматымыз, әсі­ре­се жастар, ең жақсы қасиеттерді бо­йы­н­а сіңіруі қажеттігі баса айтылды.

 

Жаппар ЖҰМАН,

экономика ғылымдарының докторы, профессор