• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 17:02

Қазақстанның Франциядағы елшісі Олимпиаданың күміс жүлдегерлерін құттықтады

17 рет
көрсетілді

Қазақстанның Франциядағы елшісі Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында  күміс жүлде иеленген Демеу Жадыраев пен Нұрбек Оралбайды құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл іс-шараға Туризм және спорт министрлігінің өкілдері мен Парижде жүрген отандастарымыз қатысып, күміс жүлде иеленген Демеу Жадыраев пен Нұрбек Оралбай ризашылық білдірді.Боксшы Нұрбек Оралбай келесі Олимпиадада міндетті түрде алтын алуды мақсат еткенін атап өтті. 

Ал балуан Демеу Жадыраев қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовпен сырласып, бірін-бірі құттықтағандарын айтты. Сондай-ақ жүлдегерлер барша қолдау білдірген жандарға рахмет айтты.

Еске салайық, қос спортшымыз Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында күміс жүлде  иеленген еді.