• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Абай Кеше

Абай күні: Астанада қандай іс-шаралар өтеді

13 рет
көрсетілді

Астана қаласында Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай ғылыми конференциялар, мектептерде тәрбие сағаттары, викториналық ойындар және басқа да 70-тен астам түрлі іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордадағы Абай күніне арналған мереке 10 тамыз күні 9:00-де Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталады.

Сонымен қатар 10 тамыз күні сағат 11:00-де Қаламгерлер аллеясында (Егемен Қазақстан көшесі, 9) «Абай рұханияттың алтын қазығы» атты әдеби-сазды кеш өтеді.

10 тамыз күні сағат 11:00-де Журналисттер саябағында (Кенесары көшесі) «Алдымда ақын Абай - Темірқазық!» атты әдеби кеш ұйымдастырылады.

10 тамыз күні сағат 20:00-де Есіл өзенінің жағалауында (Арбат) Абай әндерін насихаттау мақсатында «Домбыра party» өтеді.

Сонымен қатар 10 тамыз күні Арбатта Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты викториналық ойындар ұйымдастырылады. Ал 14 тамыз күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ұлылар мекені...» экспедициясының қорытындысы бойынша ғылыми конференция өтеді деп жоспарланып отыр.