• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Тамыз, 2024

Атбасарда 45 жастағы ер адам өртеніп кете жаздады

45 рет
көрсетілді

12 тамызға қараған түні Атбасарда жеке тұрғын үйде өрт шығып, 45 жастағы ер адам өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 35 шаршы метрді шарпыған. Құтқарылған ер адамға шұғыл медициналық көмек қажет болмаған, жағдайы тұрақты.

«Барлау және өртті сөндіру кезінде құтқарушылар сөндірілмеген темекінің кесірінен ішімдік ішіп, өліп қала жаздаған үй иесін, яғни 1979 жылы туған ер адамды құтқарды»,  делінген хабарламада.

Өрт толығымен сөндірілген.