• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Тамыз, 2024

Баходир Жалолов әуесқой бокстан кететінін айтты

174 рет
көрсетілді

Парижде екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған Өзбекстан боксшысы Баходир Жалолов әуесқой бокстан кететінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Мен өмірімнің 15 жылын әуесқой боксқа арнадым. Әр нәрсенің басталуы сияқты соңы да бар. Бұл күн де келді. Бұл ұзақ жолда көп сын мен сөз айтылды. Бәрінен дұрыс қорытынды жасап, күш жинадым. Ешқашан әуесқой бокста ақша үшін күреспедім. Олимпиадада өз елімнің туын жоғары көтеріп, алтын медалін жеңіп алуға тырыстым. Біздің қолымыздан келді. Осы жолда мені қолдағандарға, менің анама және менің барлық жаттықтырушыларыма алғыс айтқым келеді. Енді менің мақсатым - кәсіби бокста ең мықты болу. Менің ойымша, бұл жолды да сіздермен бірге өтеміз. Мен сіздерді қатты жақсы көремін», деп жазды Баходир Жалолов іnstagram-дағы парақшасында.

Енді Баходир Жалолов кәсіпқой бокста бақ сынайды.

Еске сала кетейік, Баходир Жалолов Парижде 92 кг жоғары салмақтағы бокс бәсекесінің финалында испаниялық Айюб Гадфаны төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ол екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды.