• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 15:28

Астанада Қабанбай батыр даңғылында қозғалыс шектеледі

14 рет
көрсетілді

«Астана Жұлдызы» айналма жолы бойынша қозғалыс ішінара шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Астана Жұлдызы» айналмасы бойынша жол төсеміне жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлімдеді. Осыған байланысты 17-19 тамыз аралығында айналма жол қозғалысы ішінара шектеледі, деді жергілікті әкімдік.

Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да қамтамасыз етіледі.

«Астана жұлдызы» айналмасына жоғарғы қабатты төсеу 17 тамыздан 18 тамызға дейін.

Тұран даңғылы, Хусейн бен Талал көшесінен «Астана жұлдызы» айналмасына дейін;

Қабанбай батыр даңғылы, Хусейн бен Талал көшесінен «Астана жұлдызы» айналмасына дейін;

«Астана жұлдызы» айналмасына жоғарғы қабатты төсеу 18 тамыздан 19 тамызға дейін.

Қабанбай батыр даңғылы (әуежай), Мәңгілік ел даңғылынан «Астана жұлдызы» айналмасына дейін;

Астананың оңтүстік-батыс айналма жолынан «Астана жұлдызы» айналма жолына дейін (Қосшы қаласы тарапынан).

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы керек, деп ескертеді мамандар.