• RUB:
    5.96
  • USD:
    499.04
  • EUR:
    544.45
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Тамыз, 2024

Маңғыстаудағы «Жалғызтөбемұнай» компаниясына айыппұл салынды

159 рет
көрсетілді

Маңғыстауда экологиялық рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндірген «Жалғызтөбемұнай» ЖШС-не айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Осылайша, жер қойнауын пайдаланушы «Жалғызтөбемұнай» ЖШС 2024 жылдың 1 қаңтары мен 11 қаңтары аралығында экологиялық рұқсатсыз мұнай мен ілеспе газ өндірген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған компания Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Салынған айыппұл мөлшері 7,8 млн теңгені құрады.