Жақында Алматыда еліміздің шалғай аймақтарынан келген жас футболшыларға арналған іріктеу жиыны басталды. 12 жастағы 16 қатысушы «Қайрат» футбол клубы академиясында шеберлігін шыңдауға мүмкіндік алды.
Іс-шара «Қайрат» ФК мен коммерциялық емес Supernovas by inDrive жобасының ынтымақтастығы аясында өтті. Бұл жоба шағын қалалар мен ауылдарда балалар спортын жаппай дамытуға бағытталған. 2022 жылы іске қосылған жоба қазірдің өзінде 650-ден аса бала қатысатын 9 футбол секциясын ашты. Жиынның негізгі мақсаты – балаларға тұратын жеріне қарамастан тең мүмкіндік беру.
«Supernovas жобасы ауыл мен қала балаларының теңдей жағдай жасауына, бірдей жаттығу мүмкіндігіне ие болуға арналған. Оларды бұл жиынға қатыстыра отырып, өзін көрсетуге, әлеуетін ашуға мүмкіндік бергіміз келеді», деп түсіндірді жобаның менеджері Тоқтар Ескендіров.
Биылғы іріктеу жиынына еліміздің аймақтарынан 16 бала таңдалғанын «Қайраттың» бас директоры Асқар Есімов былай жеткізді: «Қайрат» дәстүрлі түрде еліміздің түкпір-түкпірінен ең үздік жас футболшыларды жинап тұрады. Іріктеуге қатысу – балаларды ынталандырады әрі зор тәжірибе. Біз Supernovas жобасымен серіктес болғанымызға қуаныштымыз және серіктестігіміз ары қарай да жалғасатынына үміттіміз. Футбол академиямыз – қазіргі уақытта елдегі ең мықты академия және ел футболын үлкен аренада әйгілі ететін таланттарды іздейді».
Қатысушылар Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының шалғай ауылдарынан іріктелді. Мысалы, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылынан Есімжан Есімғали, Мадияр Есенов, Бейбарыс Асқар, Әлихан Тұяқ, Нұрмұхаммед Есет, Энель Сансызбаев келсе, Ақтөбе облысы Шалқар қаласынан Аслан Русланұлы, Ерасыл Нұрланұлы, Алмат Алтаев, Нұриман Мұханбетжан «Қайраттың» базасында бір апта бойы өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ Ұлытау облысы Ұлытау ауылынан – Аслан Сақтаған, Бексұлтан Жездібек, Форт-Шевченко қаласынан (Маңғыстау облысы) – Жансейіт Жұмабек, Диас Жайлау, Благовещенка ауылынан (СҚО) – Нұрислам Есмағамбетов, Түркістан облысы Ынтымақ ауылынан Әлинұр Абайұлы кәсіби футбол базасында алғаш рет болды.
Іс-шара бір аптаға созылды. Бағдарламада академия жаттықтырушылары өткізетін жаттығулар, шеберлік сабақтары, 2012 жылғы «Қайрат» академиясының командасымен жолдастық матч өткізді.