• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Тамыз, 2024

Қазақстанда қала халқының үлесі артқан

143 рет
көрсетілді

Кейінгі 5 жылда Қазақстандағы қалалар саны 2 облыстық және 1 аудандық маңызы бар қалаларды қоса алғанда 3 қалаға артқан. Ал Ұлттық статистика бюросының осы жылдың 1 шілдедегі дерегіне сай елімізде қала мәртебесі бар 90 елді мекен тіркелген, деп жазады Egemen.kz.

Ең көп қала Ақмола облысында тіркелген. Олардың саны - 11. Ақтөбе және Қарағанды облыстарында — әрқайсысында 8 қала мәртебесі бар елді мекен бар.

Бес жыл бұрын қала халқының үлесі 58% құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 62,7% дейін өскен. Осылайша қала халқының саны 12,6 млн адамға жетті.

Ең көп қала тұрғындарының саны Республикалық маңызы бар қалаларда: Астана – 1,4 млн, Алматы – 2,2 млн, Шымкент – 1,2 млн адам. Облыстар ішінде 927 мың қалалық тұрғыны бар Қарағанды мен 709 мың қала тұрғыны бар Ақтөбе облыстарында урбанизация деңгейі жоғары көрсеткішке ие.