• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Тамыз, 2024

Елімізде АЭС салу идеясын халықтың қанша пайызы қолдады

167 рет
көрсетілді

Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 2024 жылғы 7-18 тамыз аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Институттың мәліметінше, іріктемелі жиынтық көлемі 1200 респондентті құрады. Сауалнамаға 17 облыстан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан респонденттер қатысты.

«Жалпы, сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі (53,1%) АЭС салу идеясын қолдайды. АЭС салу идеясын қолдайтындар оған үлкен үміт артады, соның ішінде 2030 жылға қарай электр тапшылығы мәселесі шешіледі деп сенеді», делінген хабарламада. 

АЭС салу идеясына қарсы адамдар (32,5%) негізінен ықтимал апаттар мен олардың қоршаған ортаға тигізетін зардаптарына алаңдаушылық білдірді.

Сонымен қатар әрбір оныншы респондент (14,4%) өз таңдауын әлі жасаған жоқ.

Сондай-ақ респонденттердің жартысы (51,0%) АЭС құрылысына қатысты референдумда «қолдау» немесе «қарсы» деп дауыс беру үшін ақпаратқа толық қол жеткізген. Респонденттердің тағы 12,2%-ы ақпаратты толық білмейді. Сауалнамаға қатысқандардың 31,6%-ы мүлдем ешқандай ақпарат алмаған, ал 5,2%-ы жауап беруге қиналды.

Сауалнама барысында респонденттердің 42,6%-ы АЭС салу мәселесі бойынша референдумға қатысуға толыққанды ниет білдірді. Ал 16,4%-ы қатысуы мүмкін екенін айтты. Респонденттердің 25,3%-ы референдумға қатыспайды, 8,9%-ы қатыспауы мүмкін, ал 6,8%-ы жауап беруге қиналды.