Алматылық оқушылар үшін жаңа оқу жылы 2 қыркүйектен басталады, 1 қыркүйек күні алғашқы қоңырау соғылмайды, деп жазады Egemen.kz.
Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсүпова мәлім етті.
«1 қыркүйек демалыс күні балалар демалады, ал 2 қыркүйекте барлығы мектепке барады», деді Әсем Нүсіпова.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйек жексенбіге тұс келсе де алғашқы қоңырау соғылатынын айтқан еді.