Еліміздің барлық мектептерінде білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар 1 қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, мектеп оқушыларына арналған жиын жексенбі, 1 қыркүйекте өтеді.
«Білім күніне арналған салтанатты іс-шара еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте өтеді», делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2024-2025 жаңа оқу жылында 345 мың бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.
«1 қыркүйекте «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты іс-шара өтеді. 2 қыркүйекте – жаңа оқу жылының бірінші күні – «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында Бірыңғай сынып сағатымен басталып, әрі қарай сабақ кестесіне сәйкес жалғасады», деп нақтылады министрлік.