• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Медицина 23 Тамыз, 2024

2019 жылдан бері 161 медицина маманына шабуыл жасалған

67 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі кәсіби қызметін атқару барысында медицина мамандарының құқы тапталған, зорлық-зомбылық көрген жағдайлардың жиілеуіне байланысты қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін енгізуді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Министрлік мәліметінше, 2019 жылдан бері 161 медицина маманына шабуыл жасалған. Кейінгі жылдары осыған ұқсас жағдайлар қоғамның қызу талқысына түсіп, жиі назарға ілігіп жүр. 

Мәселен, биыл мамыр айында Алматыда жедел жәрдем фельдшеріне оны шақырған адамдар қол көтеріп, пәтерінде қамап тастаған. Қарағандыда қызметтік міндеттерін орындау барысында жедел жәрдем қызметкерін үшінші тұлға аяусыз ұрып-соққан. (Жоғарғы сот осы іс бойынша бүгін үкім кесілетінін мәлімдеді) Теміртауда да жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі таяқ жеп, тоналған.

Қазіргі таңда осындай заңсыз әрекеттер Қылмыстық кодекс және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша қаралады. 

«Бас прокуратурамен бірлесе Қылмыстық кодекске өзгерістер әзірленді, онда медицина мамандарына қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодекске «Медицина қызметкерінің заңды қызметіне кедергі келтіру» және «Медицина қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылық көрсету» деген жаңа баптар енгізу ұсынылып жатыр. Бұл қадамдар медицина қызметкерлерін қорғауға және қауіпсіз жұмыс орнын құруға бағытталған», делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.