• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қылмыс 24 Тамыз, 2024

Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген: Күдіктілер саны 8-ге жетті

106 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендерге қатысты тергеудің мән-жайын бөлісті, деп жазады Egemen.kz.

Ведомство дерегіне сәйкес, аталған іс Қылмыстық кодекстің 134-бабы 3-бөлігі "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту" бойынша тергеліп жатыр.

- Сонымен қатар қылмыстық іс аясында бірнеше бап бойынша тергеу жүріп жатыр, оның ішінде притон ұйымдастыру, бопсалау, есірткі тұтынуға итермелеу, азаптау және т.б. бар, – делінген министрлік жауабында.

Бұдан бөлек іс аясында 8 күдіктіге қатысты қамауда ұстау бұлтартпас шарасы тағайындалған, бір адам үйқамаққа алынған.

Бұл дерек бойынша жүргізілген қызметтік тексеріс барысында лауазымды тұлғалар, Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатаң сөгіс жарияланды.