• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Марапат 26 Тамыз, 2024

Өзбекстан Президенті Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерін марапаттады

164 рет
көрсетілді

Өзбекстан Республикасының Президенті Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткерлерін «Дўстлик» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Марапаттар Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара құрмет, сенім және тату көршілік қатынастарын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

«Дўстлик» орденімен марапатталғандар:

Қарин Ерлан Тынымбайұлы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі; Желдібай Руслан Сұлтанұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі; Жұманғарин Серік Мақашұлы, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары; Балаева Аида Ғалымқызы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі; Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; Хашимжанов Икрам Акрамұлы, Қазақстан Республикасы өзбектер этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы.