• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 27 Тамыз, 2024

2025 жылы өңірлерді дамытуға 7,4 трлн теңге бөлінеді

75 рет
көрсетілді

Өңірлерді дамыту − Үкіметтің басым бағыттарының бірі. 2025 жылы бұл мақсаттарға 7,4 трлн теңге бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған қаражат есебінен халықты орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін 51%-ға дейін төмендету, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде 18 көлік инфрақұрылымы нысаны, 33 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және 91 әлеуметтік нысанды жаңғырту бойынша 51 515 адам мен 3 ауылдық елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Сондай-ақ 2025 жылы экономиканың нақты секторын қолдауға 2,1 трлн теңге қарастырылған. Басым бағыттардың қатарында: агроөнеркәсіп кешені, көлік инфрақұрылымын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау бар.