XVII Жазғы Паралимпиаданың топтық кезеңіндегі алғашқы матчында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасы Франция командасын 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еске сала кетейік, Париж Паралимпиадаcына 8 команда қатысады және олар екі топқа бөлінген.
А тобында Қазақстан Франция, Босния және Мысыр құрамаларымен кездеседі. Ал «B» тобы Иран, Украина, Бразилия және Германия құрамаларымен бақ сынасады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының келесі ойыны 31 тамызда Астана уақыты бойынша 17:00-де өтеді.