• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 20:02

Астана әуежайында жолаушыдан маймыл шешегі анықталғаны рас па

21 рет
көрсетілді

Желіде Астана әуежайында жолаушыдан маймыл шешегі анықталды деген ақпарат тарады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аталған ақпаратқа қатысты пікір білдірді,деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалған ақпаратты таратушылар маймыл шешегінің елге енуіне қарсы дайындық бойынша өткізілген ведомствоаралық оқу-жаттығу барысында түсірілген бейнематериалды қолданған.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстанда маймыл шешегі ауруының бірде-бір жағдайы, сондай-ақ сырттан әкелінген жұқпалы жағдайлардың тіркелмегендігін хабарлады.

Айта кетейік, маймыл шешегінің елімізге енуінің алдын алу мақсатында өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді.

Жалған ақпарат таратқан адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.