• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 31 Тамыз, 2024

Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды

119 рет
көрсетілді

Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.

Ол Туризм және спорт министрі лауазымына 2023 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған еді. Оған дейін Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болған.