• RUB:
    5.27
  • USD:
    480.63
  • EUR:
    535.13
Басты сайтқа өту
Құрылыс 01 Қыркүйек, 2024

Астанада LRT құрылысына байланысты Қабанбай батыр даңғылы үш күнге жабылады

62 рет
көрсетілді

Астанада LRT құрылысына байланысты Қабанбай батыр даңғылы үш күнге жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz «City Transportation Systems» ЖШС (CTS) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

CTS мәліметінше, 2 қыркүйекте сағат 00:00-ден 5 қыркүйек күні сағат 00:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы бойымен – «Астана жұлдызы» айналма жолынан Мәңгілік Ел даңғылының қиылысына дейін көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

«Тұрғын үй кешендері мен жолдың жабылған бөлігіне іргелес аумақтардың тұрғындары үшін арнайы өткел ұйымдастырылады. LRT құрылыс жұмыстарының жоспарына сәйкес, аталған кезеңде металл құрылымдарды бөлшектеу және құрастырмалы темірбетон арқалықтарды орнату жұмыстары жүргізіледі», - делінген кәсіпорын хабарламасында.

Қала тұрғындары мен қонақтарына жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап алу сұралады.

Соңғы жаңалықтар