• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:21

БҚО-да ер адам көлік ішінде өртеніп кеткен

31 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысындағы тас жолдардың бірінде жол апаты болып, салдарынан ер адам көлік ішінде өртеніп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті басылымдардың бірі хабарлағандай, қайғылы оқиға 1 қыркүйек күні сағат 13:20-да Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тас жолында болған. БҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 шақырымда екі көлік бетпе-бет соқтығысқан.

«Volkswagen Passat жүргізушісі басып озу кезінде қарсы жолға шығып кетіп, Subaru көлігімен бетпе-бет соқтығысқан», деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Жол апаты салдарынан Volkswagen көлігі жүргізушісімен бірге өртеніп кеткен. Сонымен қатар Subaru көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.

Анықталғандай, Subaru көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.