• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Заң 02 Қыркүйек, 2024

Жоғарғы Сот Төрағасы Райымбек Баталовпен кездесті

78 рет
көрсетілді

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Райымбек Баталовпен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Кездесуге Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров пен ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Үстеміров те қатысты.Асламбек Мерғалиев сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларға, оның ішінде кассациялық қайта қарауды қайта форматтау арқылы дербес кассациялық соттарды құруға, судьялардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін тәртіптік іс жүргізуді қозғаудың жаңа механизмін енгізуге назар аударды.Райымбек Баталов өз кезегінде әкімшілік әділет саласын кеңейтуді қолдайтынын және кәсіпкерлерді сотқа жүгінуге мәжбүрлейтін мемлекеттік органдар тарапынан болатын құқық бұзушылықтарды жою бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті.Кездесуге қатысушылар эксаумақтық соттылық институтының әлеуетін дамыту және қылмыстық процесте сот бақылауын күшейту мәселелерін де талқылады.Жеке талқылау электрондық білезіктерді қолдану аясын кеңейтуге арналды. Тараптар күдіктілер мен айыпталушыларға бақылау жасаудың заманауи тәсілдерін пайдалану қамауға алынғандардың санын айтарлықтай азайтып, қылмыстық репрессия деңгейін едәуір төмендететінін айтты.Кездесу қорытындысында тараптар бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғауды күшейту саласында одан әрі ынтымақтастық орнатуға уағдаласты.