• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ЖОЛДАУ 03 Қыркүйек, 2024

Кезек күттірмейтін істер

71 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, онда еліміздің қаржы-экономикалық, салық салаларында айтарлықтай оң өзгерістер болатынын айтты. Парламентке Салық кодексін келесі жылға пысықтауды, банк жүйесі туралы заңды реттеуді тапсырды. Жалпы, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, денсаулық сақтау саласын да­мытуға қатысты біраз тапсырма жүктеді.

Жолдауда білім мәселе­сіне кеңінен тоқталған Мем­лекет басшысы кәсіптік-тех­никалық білім аясын кеңейту өзектілігі туралы да нақты сөз етті. Елімізде орта тапты дамыту және халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту үшін мұның бәрі аса маңызды.

«Ұстаздар – ұлттық зият­керлік қуаты», деді Президент. Кәсіптік-техникалық және жо­ға­ры оқу орындарында сала ма­мандарын даярлау ісінің сапасы артатын болады. Мемлекет басшысы қажетті деңгейге қол жеткізгенше білім саласына реформалар жүргізіле беретінін айтты.

Жолдауда еліміздің саяси және әлеумет­тік-экономикалық даму келеше­гін­е де тоқталды. Әсіресе Үкіметке тұрғындарды және экономиканы қажетті көлемде газбен қамтамасыз ету­ді тапсырып, мұнай-газ-химия саласын одан әрі дамытуды міндеттеді.

Сондай-ақ ол кәсіптік білім саласына реформа керегін айта келіп: «Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және ин­вестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам. Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жа­рия­лаймын. Осы уақыт ішін­де техникалық және кәсіби бі­лім жүйесін реформалау қа­жет. Сондай-ақ біз жұмысшы ма­мандықтарын дәріптеу арқы­лы қоғамда еңбекқор және нағыз ма­ман болу идеясын насихаттаймыз», деді.

Мемлекет басшысы биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып жатқанын және теміржол саласында ре­форма жасау үшін тариф жүйе­сі қайта қаралатынын айта келіп: «Еліміз Еуразия құр­лы­ғының дәл ортасында орна­ласқан. Бұл – бізге әлемдік бәсе­ке­де зор мүмкіндік беретін артық­шылық. Сондықтан көлік ин­фрақұрылымына салынып жат­­қан әрбір инвестиция өзін-өзі ақтайтыны сөзсіз. Біз кейінгі ұрпаққа жоғары сапалы авто және теміржолдарды қал­ды­руы­мыз керек. Сондай-ақ тиім­ді жұмыс істейтін әуе хаб­тарын, теміржол бекеттері мен теңіз порттарын салуымыз қа­жет. Бұл ретте бірқатар ке­шен­ді мәселені шешкен жөн», деді.

Сонымен Жолдауды мұқият тыңда­дық. Енді осындай өте өзекті мәселелердің бәрін кезең-кезеңімен жүзеге асыру қажет.

 

Нұртөре ЖҮСІП,

Сенат депутаты