• RUB:
    5.44
  • USD:
    482.74
  • EUR:
    532.7
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 12:30

Биыл 82 студент «Қазсушар» филиалдарында тәжірибеден өткен

29 рет
көрсетілді

2024 жылы су шаруашылығы саласының мамандықтары бойынша білім алатын 82 студент «Қазсушар» филиалдарында өндірістік тәжірибеден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Еске салайық, жыл басында Су ресурстары және ирригация министрлігі 9 ЖОО-мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған еді. Нәтижесінде студенттер «Қазсушар» филиалдарында өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болды. 

«Меморандумдарда тәжірибе жинақтаушы студенттерге жалақы төлеу мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл су саласы мамандықтарының тартымдылығын арттыру және оған жаңа кадрларды тарту үшін жасалып отыр. Студенттер өз кезегінде практикалық тәжірибе жинап, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады», деді ҚР СРИМ Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Мүсілім Жиенбаев.

Соңғы жаңалықтар