2024 жылдың тамыз айында Council on Foreign Relations зерттеу орталығы Биліктегі әйелдер индексін (Women’s Power Index 2024) жариялады. Есеп БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің гендерлік теңдікке жету саласындағы көрсеткіштерін бағалайды. Ол мемлекет немесе үкімет басшылары, министрлер кабинетінде, ұлттық заң шығарушы органдарда, ұлттық заң шығарушы органға, жергілікті мемлекеттік органдарға кандидат болған әйелдердің үлесін талдайды, саяси өкілдіктегі гендерлік алшақтыққа визуализация жасайды.
Биліктегі әйелдер индексі 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша өлшенеді. Ол 7 өлшем көрсеткішін қамтиды: (1) саяси паритет, (2) мемлекет басшысы, (3) 1946 жылдан бергі мемлекет басшысы, (4) министрлер кабинеті, (5) ұлттық заң шығарушы орган, (6) ұлттық заң шығарушы орган кандидаттары, (7) жергілікті заң шығарушы орган. Индекс әйелдердің ықпалын немесе саяси қалауын емес, олардың өкілдік деңгейін бағалайды.
Индекс тоқсан сайын мүмкіндігінше жаңа әрі жалпыға қолжетімді деректермен жаңартылып отырады. Мемлекеттің салыстырмалы дәрежесінің жоғарылауы немесе төмендеуі міндетті түрде барлық немесе кез келген көрсеткіш бойынша әйелдер өкілдігінің жақсарғанын немесе нашарлағанын білдірмейді. Алайда мемлекеттің жиынтық көрсеткіші әйелдер өкілдігі бағанының біреуінде немесе бірнешеуінде өзгергенін көрсетеді. Саяси паритет – биліктегі әйелдер өкілдігінің жиынтық көрсеткіші. Ең жоғарғы 100 балл үкіметтің барлық деңгейінде кемінде 50 пайыз әйелдерден тұратынын білдіреді.
Зерттеу деректеріне сүйене отырып, берілген төмендегі графикада 193 елдің тек 25-нде ғана мемлекет немесе үкімет басшысы әйел болса, 15 елде министрлер кабинетінің құрамы кем дегенде 50 пайыз әйелдерден тұратыны, 6 мемлекетте Парламенттегі әйелдер саны 50 пайыздан кем емес екені көрсетілген.
Дереккөз: 2024 жылғы биліктегі әйелдер индексі
Есеп деректерінде әйелдердің саяси мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету саласында көш бастап тұрған бес мемлекеттің қатарына Исландия, Андорра, Мексика, Финляндия, Норвегия елдері енген.
Мемлекет
Индекстегі көрсеткіш
Саяси паритет
Мем-лекет басшысы
(қазіргі)
Мем-лекет басшысы
(1946 ж. бері)
Ми-нистр-лер каби-неті
Ұлт
тық заң шы-ғарушы орган
Ұлт-тық заң шы-ғарушы орган кан-дидаты
Жер-гілікті заң шығару-шы орган
Исландия
86
әйел
3
50%
48%
дерек жоқ
51%
Андорра
73
ер
0
50%
50%
48%
41%
Мексика
73
ер
0
42%
50%
52%
48%
Финляндия
71
ер
4
63%
50%
43%
40%
Норвегия
71
ер
2
53%
65
49%
41%
Қазақстан
23
ер
0
14%
21%
23%
31%
Қырғызстан
14
ер
1
13%
21%
дерек жоқ
дерек жоқ
Өзбекстан
30
ер
0
5%
31%
41%
дерек жоқ
АҚШ
30
ер
0
33%
29
29
дерек жоқ
Тәжікстан
20
ер
0
14%
27%
20%
дерек жоқ
Түрікменстан
17
ер
0
6%
26%
дерек жоқ
22%
Ресей
9
ер
0
5%
17%
дерек жоқ
дерек жоқ
Дереккөз: 2024 жылғы биліктегі әйелдер индексі
1946 жылдан бастап сайланған және тағайындалған мемлекет немесе үкімет басшылары бағанында 1946 жылдың 1 қаңтары мен 2024 жылдың 20 тамызы аралығындағы әйел мемлекет және үкімет басшыларының саны берілген. Мамандар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем тәуелсіздік қозғалыстарының толқынын бастан өткерген кезде және БҰҰ-ға мүше 193 мемлекетті ғана қамтитын әйел мемлекет немесе үкімет басшыларын есепке алған.
Қазақстанның индекстегі жалпы көрсеткіші басқа 193 елмен салыстырғанда орташа деңгейден төмен. Оның басты себебі – мемлекеттік басқару жүйесінің барлық тармағындағы әйелдердің саяси өкілдігі мен қатысу деңгейінің төмен болуы. Зерттеу деректерінде көрсетілгендей посткеңестік мемлекеттер ішінде 4 елде әйел мемлекет басшысы бар – Грузия, Молдова, Латвия, Литва.
Жалпы алғанда, зерттеулер көрсеткендей әйелдер көшбасшылығы уағдаластықты, теңдікті және тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Ал әйелдер заң шығарушы органдардың айтарлықтай бөлігін құраса (кем дегенде 25-30 пайыз), олар қалыптасқан қағидалар мен саяси күн тәртібіне қатысты өз ұстанымдарын алға тарта бастайды.
Қорытындылай алғанда, есепте әйелдердің биліктегі инклюзиясы тұрақтылық пен дамуға оң ықпал ететіні атап өтілген. Зерттеу мәліметтері гендерлік теңдік мәселесі бойынша жаһандық тенденцияны бағалауда мамандарға, ғалымдар мен сарапшылар қауымына қосымша көмекші құрал бола алады.
Айнұр АБАЙҚЫЗЫ,
Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы