Taza.kz

# Сараптама

Экономика • 15 Сәуір, 2026

Ел экономикасының иммунитеті күшейіп келеді

Ел экономикасы биылғы жылдың алғашқы тоқсанын cоны серпінмен, оң көрсеткішпен қорытындылады. Ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ) мәліметінше, ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) нақты өсімі 3 пайызды құрады. Алайда бұл жерде құрғақ саннан гөрі сол нәтижеге қай жолмен жеткеніміз маңыздырақ. Күрделі сыртқы геосаяси ахуал мен әлемдік нарықтағы құбылмалылыққа қарамастан еліміздің экономикалық «арбасы» бұрынғыдай тек мұнайға ғана сүйенбей, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік пен қызмет көрсету салаларының есебінен алға жылжып келеді.

Сараптама • 14 Сәуір, 2026

Электромобиль күдікті ойды сейілте ме?

Елімізде электромобильдерге деген қызығушылық артып келеді. Биыл қаңтар-ақпан айларында жаңа энергия көздерін пайдаланатын 708 жеңіл автокөлік сатылып, өткен жылмен салыстырғанда 4,2 есе өскен. Алайда жаңа технологияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайтындар да бар.

Сараптама • 27 Наурыз, 2026

Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?

Мейрамгүл ИМАШЕВА, Астана қаласы әкімдігі «Еңбек мобильділігі орталығы» жұмыс берушілермен байланыс бөлімінің басшысы:

Бизнес • 25 Ақпан, 2026

Зергерлік бизнес жайын зерделесек...

Қосылған құны жоғары зергерлік бұйым өндірісі – экономиканы әртараптандырудың тиімді тетіктерінің бірі. Әлемдік тәжірибе шикізат қоры шектеулі елдердің өзі әшекей индустриясын табыс көзіне айналдыра алғанын көрсетеді. Ал бағалы металға бай еліміз үшін бұл бағыттың мүмкіндігі тіпті ауқымды. Қазір елде зергерлік бұйым саудасымен айналысатын 4 542 кәсіпкер бар, оның 445-і – өндіруші. Былтыр өндіріс көлемі 2,8 млрд теңгеге жетті. Дегенмен сала әлеуетіне сай серпін алды деуге әлі ерте – шешімін күткен түйткіл де, жүйелеуді қажет ететін мәселе де баршылық.

Құрылыс • 24 Ақпан, 2026

Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?

Құрылыс дегеніміз – қарқынды дамыған экономиканың бір саласы ғана емес, созылмалы «ауруларын» сары майдай сақтап қалған ескі бір алаң іспет­тес. Дәрменсіз қоғамға дендеп енген жемқорлық дерті бұл саланы да айналып өте алмаса керек. Қыбын тауып қаражат жымқырып қалу, себепсіз қымбаттатылған сметалар, тиімсіз игерілген теңгелер, тағысын тағылар дәл осы саланың адымын аштырмай келгені анық. Ендеше, цифрландыру ісін екінші планға ысырып, «келешектің шаруасы» деп кешеуілдете беру енді жараса қоймас.

Еңбек • 20 Ақпан, 2026

Еңбек нарығы: маман көп, жұмысшы тапшы

Еңбек нарығында екі қолға бір күрек таппай жүрген жоғары немесе кәсіптік білімі бар, еңбекқор, талапты жастар көп. Шын білікті маманға зәру мекеме мен кәсіпорын да жетерлік. Жұмысын жетік білетін кадрға жоғары жалақы ұсынатындар бір қауым. Кейде сол өз ісінің шеберлері жұмыс берушілердің көзіне бірден түспейді. Осының барлығын дұрыс үйлестірсек, еңбек нарығындағы ахуал жақсарары сөзсіз.

Сараптама • 19 Ақпан, 2026

Радиофобия: дерек пен дәйек

Ғылыми негізі жоқ үрейлердің белең алуы ақпарат дәуірінде де жиі кездеседі. Соның бірі – радиофобия. Бұл құбылыс тек жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның шешім қабылдау қабілетіне әсер ететін күрделі әлеуметтік феномен. Радиация жөніндегі қате түсініктер эмоцияны деректен жоғары қойып, қоғамдық пікірді бұрмалауы ықтимал.

Сараптама • 12 Ақпан, 2026

Күрделі кезеңдегі іргелі бетбұрыс

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық басқару мен өңірлік саясаттың жаңа талаптарын айқындап берді. Президент қаржылық дербестікті күшейту, бюджеттік жоспарлаудың сапасын арттыру, арнайы экономикалық аймақтарды реформалау, сондай-ақ инфляцияны төмендету бағытында нақты міндеттер жүктеді.

Экономика • 09 Қаңтар, 2026

Алтынның бәсі артып келеді

Әлем банктері доллар жинау дағдысынан бас тартып, резервтерді әртараптандыруды жалғастырып жатыр. Орта­лық банктер 2026 жылы 900 тонна­ға жуық алтын сатып алады деген болжам бар. Демек, ақша нарығындағы тәуекелдерді бағалау алтынның пайдасына шешілетін түрі бар. Сарап­шы­лардың пікірінше, инвестор үшін басты мәселе – алтын­ның құнында емес, қандай макро­экономикалық режім басым болатынында.

Соңғы жаңалықтар
Фото
Яндекс.Метрика