• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Қыркүйек, 2024

Қостанай тұрғыны мас күйінде гүлзарды талқандап кеткен

73 рет
көрсетілді

Аталған қаланың тәртіп сақшылары 50-ден астам гүл отырғызылған арнайы ыдысты сындырып кеткен күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оқиға 4 қыркүйек күні таңертенгі уақытта болған. Патрульдік полиция қызметкерлері Абай-Павлов көшелері қиылысында гүл отырғызылған 50-ге жуық ыдыстың талқандалғанын көрген. Күдікті келесі көшеде ұсталған.

Ол 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан және оның «орташа дәрежеде» мас екені анықталған.

Уақытша ұстау изоляторына қамалған ол қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін, гүлзарлар мен дүкен есіктерін қасақана бүлдіріп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылады.

Қостанай қаласы әкімдігінің мәліметінше, бұзақы шамамен 360 мың теңгеге шығын келтірген.