• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қыркүйек, 2024

Петропавл тұрғындарын сан соқтырған алаяқ ұсталды

52 рет
көрсетілді

Петропавлда алаяқтықтың жаңа түрі белең алды. Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын алдап соққан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, тамыз айының басында Петропавл қаласының полиция басқармасына интернет-алаяқтық туралы өтінішпен 22 жастағы жігіт пен қыз жүгінген. Олардың ешқандай несиелері болмаған. Алайда, ломбардқа қарыз екендері туралы sms-хабарламалар алған.

«Осыдан бір ай бұрын жәбірленушілерге бейтаныс жас жігіт жақындап келіп, телефондарын белгілі бір дерекқор арқылы тексеруді ұсынған. Оның көмегімен гаджеттің ұрланбаған екенін растауға болады деп түсіндірген. Жәбірленушілер өздерінің телефондары мен жеке куәліктерін суретке түсіруге, сондай-ақ IMEI-кодтарын жазып алуға мүмкіндік берген. Алаяқтар бейтаныс телефонның «базада тіркелмегенін» айтқан. Кейін жәбірленушілер олардың құрылғылары онлайн-режимде қарыз беретін ломбардтың кепілі болғанын білген. Келтірілген залал әр жағдайда 35 мың теңгені құрады», делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыстық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының және Петропавл қаласының «Cyberpol» тобының қызметкерлері күдіктіні анықтаған. Ол 18 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны болып шықққан. Күдікті 13 тамызда Жұмабаев көшесінің бойында ұсталған.

«Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Құпия деректеріңізді ешкімге бермеуіңізді сұраймыз. Барынша сақ болыңыздар», деп ескертті СҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.