• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Қыркүйек, 2024

Қызылорда облысында бюджеттен ақша жымқырғандар сотталды

106 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық соты 200 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған тоғыз адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын облыстық прокуратура жүргізген. Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы білім беру жүйесінде жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшотына заңсыз ақша аударылғанын дәлелдеген.

«Қылмыстық іс бойынша негізгі айыпталушылар бас бостандығынан айырылса, қалған 7 сыбайластың бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығы шектеліп, шартты түрде сотталды. Келтірілген шығын ішінара өтелді», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.