Париждегі Паралимпиада ойындарында Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде белдескен Ақмарал Науатбек алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спортшымыз финалда Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Бұған дейін пара пауэрлифтингтен 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алған еді. Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде бар.