• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Өндіріс 06 Қыркүйек, 2024

Жамбылдағы жаңа зауыт

59 рет
көрсетілді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірге әлеуетті инвесторларды тартуға айрықша назар аударып отыр. Осы жылы Шу ауданы аумағында орналасқан «Шатыркөл» кен байыту фабрикасы іске қосылды. Таяуда ғана техникалық тұрғыдан жұмысын бастаған жаңа зауыт толық қуатында жұмыс істеген кезде жылына 98,6 мың тонна мыс концентратын өндіруге қауқарлы.

Расында өңірде инвес­ти­ция­лық жобаларды сервис­тік тұрғыдан сүйемел­деу мә­с­е­ле­сі назардан тыс қалған жоқ. Облыс әкімдігінің баспа­сөз қыз­меті келтірген дерек­ке жү­гінсек, «Тараз» ӘКК ба­за­сында құрылған «Zhambyl In­vest» дирекциясы шетел­дік және отандық инвестор­лар­дың ер­кін жұмыс істеуіне қолдан кел­генше қолдау көрсетіп отыр.

Облыс әкімінің орынба­сары Әбілхайыр Тамабектің айтуынша, өңірде су тапшы­лығын азайту бағытында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. Ол келтірген дерекке жү­гінсек, ұзындығы 1047 ша­қы­рымды құрайтын 203 канал­дың әбден тозығы жеткен.

«Қазіргі таңда ұзындығы 545 шақырымды құрайтын 92 каналды ретке келтіру үшін жобалық-сметалық құжат дайындап, 430 шақы­рымдық 76 каналды жөндеу үшін 87 млрд теңгеге қолдау көр­сетілді», дейді Ә.Тамабек.

Осы орайда өз сөзін жал­ғаған облыс әкімінің орынба­сары: «Бұл бағыттағы жұмыс алдағы жылы басталады. Жалпы, 545 шақырым каналды толық жөндеу қажет. Ол жұмысты алдағы 2-3 жылдың бедерінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Су тапшылығы туралы сөз қозғағанда, су үнемдеу технологияларының маңызына тоқталған жөн. Осы жұмысты жүйелеу мақ­сатында отандық және шетелдік алты инвесторды жұмысқа жұмылдырып отырмыз. Жыл соңына дейін екі жоба іске қосылады. Қалған жобалар бойынша жұмыс келесі жылы аяқталады», деп отыр.

Өңірде тамшылатып суару технологиясын жетілдіруге басымдық беріліп отырғаны белгілі. Облыс басшысының тікелей мұрындық болуымен өңірде «KAZ Каспий ГИДРО ауыл шаруашылығы технологиясы» компаниясы тамшылатып суару жүйелерін шығару зауытын салып жатыр.

Ресми мәліметке сүйенсек, жауапты компания басшылары жобаға 6 млн доллар қаржы салып отыр. Ал жаңа зауыт толық қуатында іске кіріскен кезде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Нәти­жесінде, алдағы жылдары су үнемдеу технологиясын қолданатын алаң жыл сайын 12 мың гектарға артпақ.

Дерекке жүгінсек, қазіргі кезде зауытты іске қосу жұ­мыстары толыққанды аяқ­талған. Жақын күндері жаңа кәсіпорын пайдалануға бері­леді. Ал әзірге зауытқа қажет­ті инфрақұрылым құру мен ұңғымаларды қазу мақ­са­тында қажетті құрал-жаб­дықтар то­лықтай жеткі­зілді. Тех­­никалық жұмыстар жос­парға сай іске асырылып жатыр.

Жоғарыда айтқанымыздай, су үнемдеу технологияларын қолданғандардың ұтыл­майтыны анық. Осы бағытта жұмыс істейтін алғашқы жоба жақын арада іске қосылса, қалған жобалар 2025 жылы аяқталатыны мәлім. Бір сөзбен айтқанда, Жамбыл облысы тамшылатып суару технологиясын пайдаланатын алқап үлесін жыл сайын арттыруға белсенді түрде кіріскелі отыр.

 

Жамбыл облысы