Қайғылы оқиға бейсенбі күні кешке Кенияның орталығындағы мектепте болған. Оқу орнынан өрт шығып, кем дегенде 17 оқушы көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz BBC News-ке сілтеме жасап.
Жан тапсырғандар саны артуы мүмкін деген қауіп бар. Оқиға салдарынан 10-нан астам оқушы ауыр күйікпен ауруханаға түсті.
Hillside Endarasha бастауыш мектебінде шыққан өрттің себебі әзірге белгісіз.
Президент Уильям Руто тергеу жүргізуді бұйырып, кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты.