• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бокс 09 Қыркүйек, 2024

Азия чемпионаты: Қазақстан боксшылары 8 «алтын» жеңіп алды

80 рет
көрсетілді

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 8 алтын медель еншіледі, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің 2010-2011 жылы туған боксшылары чемпионатта жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы есепте Қазақстан командасы 8 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. 

Еліміздің намысын қорғаған Азия чемпиондары: 

35 келі. Абылай Досымбеков;

40 келі. Бекхан Оразбаев;

43 келі. Жұмағали Нұрмұхан;

46 келі. Әмір Мұхит;

52 келі. Нұрислам Оңалбек;

55 келі. Әбдімансұр Жақсылық;

64 келі. Төрехан Қанатбай;

70 келі. Мансұр Амантай.

Күміс жүлдегер:

61 келі. Алиимран Алиев.

Қола жүлдегерлер:

33 келі. Әли Әбдікамал;

+70 келі. Жәдігер Мүсірәлі.

Айта кетейік, 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер құрамасын аға бапкер Жақсылық Молдаханов бастап барды.