• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Қыркүйек, 2024

Оқушылардың жаппай улануы: Маңғыстау әкімдігі мәлімдеме жасады

92 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында болған оқиғаға байланысты тергеу тобы құрылды. Облыстық прокуратураның үйлестіруімен құрылған тергеу тобының құрамына экономикалық тергеп тексеру департаменті және полиция департаментінің өкілдері кірді, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа құрылған тергеу тобы зертханалық сараптаманың нәтижесі бойынша нақты шаралар қабылдайтыны хабарланды.

«Асханадан алынған ас сынамаларының қорытындысы әлі дайын емес. Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ережесіне сәйкес ертең, 10 қыркүйекте зертханалық сынамалардың қорытындысы шығарылады», деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 6 қыркүйек күні Мұнайлы ауданындағы 8-мектепте болған жағдай бойынша аудандық ПБ-нің СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 304-бабы 1-бөлігімен №244750031000356 қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

«Бүгінгі таңда 460 бала дәрігерге жүгінген, оның 377-сі үй жағдайында бақылауға жіберілді. 83 бала облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Ал жансақтау бөлімінде жатқан екі бала бүгін жалпы палатаға ауыстырылды. Жағдай тұрақты. Оқушылардың денсаулығы жақсарып келеді. Ал бақылауда болған басқа оқушылар бүгін мектепке бара бастады», деп нақтылады әкімдік өкілдері.