• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 10 Қыркүйек, 2024

Француз мерген екен

87 рет
көрсетілді

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының алғашқы жарыс күнінде жамбы ату сайысының мажар стилінен жеңімпаздар анықталды.

Ептілік пен мергендік сыналатын жамбы ату сайы­сына 27 мемлекеттен 78 спорт­шы қатысып жатыр. Спортшылар 11 топқа бө­лініп, додаға түсті.

Жамбы атудың мажар стилі бойынша өткен сайыста Франция мергені Рафаэль Малет чемпион атанды. Күміс медаль моңғолиялық Ал­тынгуях Нэргуйге бұйырса, қола жүлдені Малеттің отандасы Гатэн Бло ен­шіледі. Ұлттық құрама мү­шесі Абзал Тұлыбеков бесін­ші орынды місе тұтты.

«Мажар стилінің ерек­шелігі – спортшы атпен жүйткіп келе жатып, ны­санаға көп оқ тигізу керек. Жебе санына шектеу жоқ. Көшпелілер ойындарына ұлттық құрама мүшелері тың­ғылықты әзірлік жүргізді. Мажар стилінен медаль бұйырмағаны өкінішті. Жыл басынан бері төрт оқу-жаттығу жиынын өткізіп, әр мергеннің жеке дайындығына  көңіл бөліп, тактикалық жос­пар бойынша шеберлігін шыңдадық», деді Жамбы ату­дан Қазақстан ұлттық құра­масының бас бапкері Елдос Бадашев.

Ел құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Ай­көз, Батыр Бексауыт, Аб­зал Тұрлыбеков бақ сынайды. Спорт­шыларымыз бұған дейін әлем, Еуропа чем­пио­нат­тарынан жүлделі оралып, мерейімізді тасытқан еді. Мер­гендеріміз әлі Азия, тү­рік, қазақ стильдері бойынша тартысқа түседі.