• RUB:
    5.24
  • USD:
    477.45
  • EUR:
    527.1
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:01

Маңғыстауда 7 жастағы қыздың қолы арматураға қысылып қалған

37 рет
көрсетілді

Құтқарушылар кішкентай қыздың қолы жеке үйдің қоршауындағы өрнектелген арматураға қысылып қалғанын анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға Маңғыстау облысының Сайын Шапағатов кентінде болған. ТЖМ қызметкерлері кішкентай қызды қолындағы темір қоршаудың бір бөлігімен бірге дәрігерлерге тапсырған.

«Олар гидравликалық қайшылардың көмегімен арматураны кесіп, қыз баланы жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған», деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.