• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Форум 12 Қыркүйек, 2024

Ғалымдар көлік инфрақұрылымын жаңғырту мәселесін талқылады

75 рет
көрсетілді

Алматыда «Жол құрылысы: ғылым және бизнес» атты республикалық форум өтіп, оған Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары қатысып, отандық көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға байланысты өз идеяларын ұсынды.

Білікті ғалымдар бас қос­қан жиында еліміздегі көлік инфра­құ­ры­лы­­мын жаңғыртуға ба­ғыт­­тал­ған мәселелер жан-жақ­­ты талқыланды. Сонымен қа­тар қатысушыларға жол құры­лы­сында өнеркәсіптік қатты минералды қал­дықтарды (ҚҚҚ) пай­далану технологиясы таныс­тырылды.

Форум барысында «Каз­до­р­­ин­новация» ЖШС дирек­торы Руслан Асматулаев жаңа ­құ­рылыс материал­дарын жа­сауға ТМҚ пайдалануды көз­дейтін инновациялық шешім­­ді ұсынды. Бұл құрылыстың ­эко­но­ми­калық тиімділігін арттырып қана қой­май, қалдық­тар­­дың жиналуына байла­ныс­ты эко­логиялық мәселелерді де ­оң шешеді.

Сондай-ақ жол беріктігін едәуір арттыратын, әсіресе күр­делі геологиялық жағ­дайларда, жол жабындарының бе­рік­тігін қамтамасыз ететін топырақты реак­тивті ерітіндімен төсеу технологиясы да тақырып арқауына айналды.

Жиында бизнеспен тығыз ынты­мақ­тастық маңызына ай­рықша назар аударылды. Фо­румға қатысушылардың басты мақсаты – ғылымға арналған тех­нологияларды дамыту ғана емес, сонымен бірге бизнеске негізгі салалық мәселелерді ше­шуге тиімді көмектесетін ше­шімдерді жасау. Бұл жұ­мыс­тар бизнес сұранысын қана­ғаттандырып, тұрақты да жо­ғары технологиялық инфра­құрылымды құруға ықпал ететін отандық жол өнімін әзірлеуге бағыт­талуға тиіс екені баса айтылды.

Л.Гумилев атындағы Еура­зия ұлт­тық университетінің ғалымдары Әсел Жексембаева мен Марат Қонқанов материалдар құрамын дәл таңдау, жаңа жол технологиясын сынауға наноқұрылымдар дең­гейінде терең зерттеулер жүр­гізуге қатысты өз идея­ларын ұсын­ды. Олар өндірістік қал­дық­­тар негізіндегі «жасыл» мате­риалдарды белсенді пайдалану­ды ұсынып, жақсы нәтижеге жетуге бизнеспен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Сон­дай-ақ жоғары оқу орында­ры мен ғылыми-зерттеу инс­ти­туттарының ғы­лыми инфра­­­құ­рылымын нығайтуға мақ­сат­­­­ты грант бөлу туралы да ай­тыл­ды. Бұл бастапқы кезеңде те­рең зерттеу жүргізуге, жаңа ма­те­риал­дардың сапасын артты­ру­ға мүмкіндік бермек.

Сонымен қатар жиында кадр мәсе­лесі де сөз болды. «Қаз­дор­­ҒЗИ» АҚ құзы­реттерді дамыту орталығының дирек­торы Гүлжамал Омарова кадр­лық дағдарыстың себептері мен оның жағымсыз салдарына тоқтал­ды. Шешім ретінде жол құрылы­сына инновацияларды табыс­ты енгізуге білімді мамандар даярлау жүйесін жақсар­ту, біліктілікті арттыру және кәсіби құзы­рет­тілікті дамыту ұсынылды.

Қысқасы, форум маңызды өзгеріс­тердің катализаторы бол­­ды. Ғылым мен бизнес ел ин­фра­құрылымын жаңар­­тып, қа­­жет­ті инвестицияларды тар­та­­тын ­­жаңа отандық өнім­дер мен ше­шім­дерді жасау үшін бірігіп отыр. Ұлттық ғы­лым ака­де­миясы­­ның қолдауымен өткен маз­мұн­ды іс-шара елі­міз­дегі жол сала­сын болашақ­та дамытуда маңыз­ды рөл ат­қарады.