ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында тамақтан уланып қалған оқушылардың жай-күйі туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Маңғыстау облысында инфекциядан зардап шеккен 98 баланың барлығы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының инфекциялық бөлімшесінде стационарлық ем алды, үйлеріне шығарылып, тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауға алынды», деп хабарлады ДСМ-нің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданының «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 466 оқушысы түрлі шағымдармен медициналық мекемелерге жүгінген. Оның 98-і ауруханаға жатқызылып, екі бала қарқынды терапия бөлімшесінде емделген.