Алматыда мопед жүргізушісі «ГАЗель» көлігіне соғылып, мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 17 қыркүйек күні сағат 13:30-да Алатау ауданында болған.
«Мопед жүргізушісі Райымбек даңғылымен батыс бағытта, Момышұлы көшесінің қиылысында келе жатып, жолағын ауыстырып жатқан кезде «Газель» көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан ол жарақат алып, ауруханаға жатқызылды», деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Анықталғандай, ауруханаға жеткізілген мопед жүргізушісі сол жерде жан тапсырған. Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалған.