• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қыркүйек, 2024

Алматыда автобус жүргізушісі зейнеткердің аяғын басып кеткен

100 рет
көрсетілді

Аталған оқиға Алматы көшелерінің бірінде болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан егде жастағы ер адам дене жарақатын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол апаты болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жүр. Видео кадрларында автобустың астында қалған зейнеткер мен оған көмектесуге тырысып жатқан адамдар бейнеленген.

Қалалық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.  Полицейлердің хабарлауынша, жол апаты 17 қыркүйек күні сағат 13:30-да Бостандық ауданында болған.

«Автобус жүргізушісі Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, солға бұрылған кезде 1947 жылы туған ер адамды басып кеткен. Ол жол бөлігін батыс бағытта белгісіз жерде кесіп өтті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Апат фактісін тергеуге Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері кірісті», делінген хабарламада.

Ал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті зардап шеккен зейнеткердің Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл ота жасалғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Науқас жансақтау бөлімінде жатыр, ол дәрігерлердің тұрақты бақылауына алынған», деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.