• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2015

Отандасымыз Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылды

316 рет
көрсетілді

АСТАНА. 15 мауcым. Заңсыз есірткі тасымалына қатысы бар деген күдікпен Қытайда ұсталған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы оның қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетовтің сөзіне сілтеме жасаған tengrinews.kz хабарлады. «Гуанчжоу соты шығарған үкімге біздің тарап келіспейді. Біз апелляциялық инстанцияға шағымданамыз. Бұл істен Ақжарқынның тағдырына алаңдаушылық білдіргеннің барлығы хабардар болып отырады», – дейді қорғаушы. Сондай-ақ, ол сотқа Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мен сотталушының туған-туыстары қатысқанын айтты. Естеріңізге сала кетейік, 20 жастағы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында есірткі заттарын заңсыз тасымалдады деген күдікпен ұсталған болатын. Ол Гуанчжоу аэропортында Малайзияға ұшпақ болған жерінде қолға түсті. Тінту кезінде отандасымыздың жүгінен есірткі заттары табылған. Еламан Қоңыр. Дерек: tengrinews.kz. Сурет. vk.com.