• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Саясат 20 Қыркүйек, 2024

Ғылымға жүгінген ұтады

91 рет
көрсетілді

Қазақ-Британ техникалық университетінде Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйытқы болуымен Мемлекет басшысы Жолдауын іске асыру аясында «Қазақстан ғылымының қазіргі жағдайы мен даму келешегі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, ҰҒА академиктері, жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарының басшылары, еліміздің және шетелдің жетекші ғалымдары, тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ отандық ғылымды дамытуға белсене атсалысатын жас ғалымдар қатысып, ғылымды дамыту мен жас мамандар әлеуетін арттыруға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.

Жиында Президент жанын­­дағы Ұлттық ғылым акаде­мия­сының президенті Ақылбек Күрішбаев Мемлекет басшы­сының Жолдауында еліміздің әлеуметтік дамуы мен экономи­ка­ның инновациялық әлеуетін күшейтуге байланысты аса ма­ңыз­­ды міндеттер қойып отыр­ғанын атап өтті.

«Бұл тапсырманы жүзеге асыруда ғалымдарға ерекше жауапкершілік жүктеледі. Сондықтан ғылымның күш-қуаты ғылыми зерттеулер­дің тиімділігін арттыруға, зерт­теу қызметіне бөлінген қаражат­ты дұрыс пайдалануға, оның нәтижесін өндіріске енгізуге бағытталуға тиіс. Бұл ретте қайта құрылған Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы жетекші рөл атқарады. Мәселен, ғылыми зерттеулер деңгейін арт­тыру, ғылымды басқару мо­делін жетілдіру, экономи­каны әртараптандыру мен қо­ғам­ды дамытуға ғылым­ның басым бағыттарын анық­тау қажет. Өкінішке қарай, ғылым­ды қаржыландыру көле­мі ұлғай­ға­нымен, зерттеу бағыт­­тары кен­желеп қалды. Осы орайда ҰҒА эконо­миканың нақты сек­торын да­мытуда басым бағыттағы зерт­теу­лерді қаржыландыруға көңіл бө­ліп, оның тиімділігін арттыруды іске асырады», деді ол.

Сондай-ақ конференция бары­сында сарапшылар ғылым­ды цифрландыру, жасанды интел­лектіні дамыту, денсаулық сақтау жүйесін реформалау, ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру және Жолдауда көрсетілген басқа да маңызды мәселелерді іске асыруға байланысты ұсыныстарын ортаға салды.

 

АЛМАТЫ