• RUB:
    5.17
  • USD:
    478.54
  • EUR:
    533.76
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Қыркүйек, 2024

Ақтауда ММА боксшысының мәйіті табылды: тың ақпарат жарияланды

113 рет
көрсетілді

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Ақтауда бұрынғы ММА боксшысы Вусал Жафаровтың мәйітін табу фактісі бойынша істің кейбір мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоның мәліметінше, ер адамның мәйіт  20 қыркүйек күні шамамен сағат 22:30-да үйлердің бірінің артындағы бұталардың арасынан табылған.

«Оқиға орнын тексеру барысында шприц табылды, сондай-ақ ер адамның мәйітінің шұлығынан ұнтақ зат табылды. Марқұмның бұрын тонау және бопсалау фактілері бойынша сотталғандығы анықталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтау қаласындағы 3 шағын аудан маңынан аралас жекпе-жек шебері Вусал Жафаровтың мәйіті табылғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар