Испанияның Леон қаласында ауыр атлетикадан жастар арасында әлем біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Qazsporttv мәліметінше, 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысқан отандасымыз 6 тәсілді ойдағыдай қолдана отырып, екінші жаттығуында алтын медаль иеленіп, ал жаттығулар жиынтығында (154 + 199) екі алтын медальға ие болып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды.
Бұл Едіге Ембердінің әлем чемпионаттарындағы үшінші алтын медалі: 2022 жылы (73 кг) жастар арасында алғаш рет әлем чемпионы атанса, араға бір жыл салып жасөспірімдер (81 кг) арасында да алтын медаль жеңіп алған еді.